Алматыда бұрынғы UFC чемпионы жекпе-жек өткізеді

Алматыда бұрынғы UFC чемпионы жекпе-жек өткізеді

UFC-дің бұрынғы чемпионы Энтони Петтис аралас жекпе-жекке қайта оралып, Алматыда өтетін турнирде октагонға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тәжірибелі америкалық файтер 6 маусым күні жанкүйерлер алдында өнер көрсетеді.

Оның қарсыласы қазақстандық спортшы Адиль Боранбаев болады. Бұл кездесу жаңа құрылған ORDA Global Fights ұйымының алғашқы турнирі аясында өтпек.

Айта кетелік, Петтис соңғы рет 2022 жылы ММА-да жұдырықтасқан. Кейін ол басқа жекпе-жек түрлерінде күш сынап көрді. Ал Боранбаев соңғы екі кездесуінде де жеңіліс тапқан болатын.

 Лондондағы UFС турниріне қатысатын файтерлер салмақ өлшеді. Видео

Дастин Порье: Нейт Диазбен бокс жекпе-жегі өтпей қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или