Татьяна Тарасова: «Камила мұзға шығам десе, демек өз бабында деген сөз»
КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваның мұз айдынына қайта оралуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол спортшының алдағы жарыстағы өнерін қызығушылықпен күтетінін жеткізді.
«Камиланың айдынға оралуын қызыға күтіп жүрмін. Егер ол мұзға шықса, демек қазірдің өзінде өз бабында деген сөз. Өте қызық болайын деп тұр. Оның өнер көрсету ниетіне оң көзқарастамын. Камила - өте талантты спортшы. Оның мүмкіндіктері шексіз» деді ол.
Айта кетелік, Валиева Бірінші арна кубогі турниріне қатысады. Ол 2025 жылдың қазанында жаттығуға қайта оралып, желтоқсанда дисквалификация мерзімін аяқтаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или