Шымкентте «Ордабасы» қарсыласын қапы қалдырды

Шымкентте «Ордабасы» қарсыласын қапы қалдырды

Шымкенттік «Ордабасы» ҚПЛ-дің үшінші турында қызылордалық «Қайсар» командасын 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу барысында Димитар Митков пен Никола Антич гол соғып, алаң иелеріне маңызды үш ұпай сыйлады.

Осы жеңістен кейін «Ордабасы» 7 ұпаймен турнирлік кестенің көшін бастады. Ал «Қайсар» екі ұпаймен 12-орында қалып отыр.

Айта кетелік, келесі турда «Ордабасы» өз алаңында «Атырауды» қабылдайды, ал «Қайсар» «Қызылжармен» кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или