«Барыс» маусымдағы соңғы ойында жеңіліп қалды

«Барыс» маусымдағы соңғы ойында жеңіліп қалды

Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дағы соңғы кездесуінде Новосібірдің «Сібір» командасына есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі уақыт пен қосымша минуттарда жеңімпаз анықталмай, матч буллиттер сериясында шешіліп, 2:1 есебімен алаң иелері басым түсті. 

Ойынның алғашқы кезеңінде қазақстандық клуб алға шығып, Райли Уолш есеп ашқан еді. Алайда екінші периодта қарсылас таразы басын теңестіріп, қалған уақытта есеп өзгермеді.

Айта кетелік, осы жеңілістен кейін «Барыс» ҚХЛ-2025/2026 маусымын аяқтады.

«Барыс» маусымдағы соңғы ойында жеңіліп қалды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или