Чебурин «Атырау» туралы: қорғаныс жақсы, бірақ гол жоқ

Чебурин «Атырау» туралы: қорғаныс жақсы, бірақ гол жоқ

Владимир Чебурин «Атырау» мен «Жеңіс» арасындағы ойыннан кейін (0:0) өз пікірін білдіріп, команданың ойынын талдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол қарсыластың мықты болғанын айтып, матчта қорғанысқа көбірек көңіл бөлінгенін атап өтті.

Бапкердің айтуынша, команда қорғаныста жақсы ойнап, гол жібермей жүргенімен, басты мәселе – шабуылдағы тиімділік. Яғни, гол соғу жағын жақсарту қажет екенін жеткізді.

«Қарсылас өте мықты, жақсы команда. Мүмкін, көбірек қорғандық, бірақ қазіргі деңгейіміз осы боп тұр. Яки шабуылдауымыз, мүмкіндікті пайдаға жаратуымыз ақсап тұр, Менің ойымша осы бағытта көбірек жұмыс істеу керек. Бірақ қорғана білудің де маңызы зор. Сондықтан қазір команданы гол жібермей жатқанымыз үшін де мақтадым.  Бұл да жақсы. Бірақ гол соғу да қажет-ақ» деді маман.

Айта кетелік, бұл «Атырау» үшін КПЛ-2026 маусымындағы үшінші тең ойын болды. Команда әзірге гол соға алмай жүр, бірақ қақпасына да доп кіргізбей келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или