«Бетербиевті алдады»: Бивол Ресейде қатаң сынға ұшырады
Ресейлік UFC файтері Байсангур Сусуркаев боксшы Дмитрий Биволды өткір сынға алып, оның Артур Бетербиевпен үшінші жекпе-жек өткізу туралы уәдесін орындамағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның пікірінше, Бивол уәдесінде тұрмаған. 2025 жылдың ақпанында өткен реваншта Бивол Бетербиевті жеңіп, жартылай ауыр салмақта абсолютті чемпион атанған. Жекпе-жектен кейін боксшылар үшінші кездесуге келіскен, алайда ол әлі өткізілген жоқ.
Айта кетелік, Бивол алдағы уақытта титулын қорғайды. Оның қарсыласы - неміс боксшысы Михаэль Айферт.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или