Австралиялық спортшы Камерон Макэвой 50 метрге еркін стильде жүзуден 15 жыл бойы өзгермеген әлем рекордын жаңартты.
Австралия өкілі Камерон Макэвой 50 метр қашықтыққа шейін еркін стильде жүзуден әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Қытайда өткен ашық чемпионатта 20,88 секунд нәтижесін тіркеді.
Бұл көрсеткіш бұрын 2009 жылы бразилиялық жүзгіш Сезар Сьело орнатқан 20,91 секундтық рекордты жаңартты. Макэвой ұзақ жылдар бойы өзгермеген нәтижені жақсарта алды.
Айта кетелік, Макэвой – осы қашықтықта қазіргі Олимпиада чемпионы. Ол Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиадада 21,25 секунд нәтижемен алтын медаль жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или