Валиеваның мұзға оралуы мамандар арасында зор қызығушылық тудырды
Олимпиада чемпионы Роман Костомаров ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваға қолдау білдіріп, оның спортқа қайта оралуын қуана қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Валиеваға алдағы жарыста сәтті өнер көрсетуін тіледі.
19 жастағы спортшы ұзақ үзілістен кейін қайта жаттығуға кірісіп, «Бірінші арна кубогы» турнирінде өнер көрсетпек. Бұл оның спорттан шеттетілгеннен кейінгі алғашқы ресми жарысы болмақ.
«Камиланың қайта оралуы керемет дүние! Бірінші арна кубогы турнирін міндетті түрде тамашалаймыз. Оған жақсы сырғанап, сәтті өнер көрсетуді тілеймін!» деді ол.
Айта кетелік, спортшының спортқа қайта оралуы жанкүйерлер мен мамандар арасында зор қызығушылық тудырып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или