Қазақстан фристайл-акробатикадан әлем чемпионатында «алтын» жеңіп алды

Қазақстан фристайл-акробатикадан әлем чемпионатында «алтын» жеңіп алды

Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан Швейцарияның Айроло қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол жеке сайыста үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді.

Финалда Асан төрешілерден 103.35 ұпай жинап, қарсыластарынан басым түсті. Оның командаласы Дінмұхаммед Райымқұлов 92.82 ұпаймен күміс жүлдегер атанса, беларуссиялық спортшыс Владислав Вазнюк қола медальға қол жеткізді.

Айта кетелік, Қазақстан құрамасының қоржынында осы чемпионатта екі медаль бар. 21 наурыз күні командалық жарыстар өтеді.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или