Йерун Принс: Валиева мен Трусованы асыға күтемін

Йерун Принс: Валиева мен Трусованы асыға күтемін

Нидерландылық төреші Йерун Принс мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиеваның спортқа қайта оралуын қолдайтынын ашық айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол сондай-ақ Александра Игнатованың (Трусова) да спортқа оралуына қызығушылық танытып отыр.

«Камила мен Александраның спортқа қайта оралатынын естіп жаным жадырап қалды! Төрт жылдан кейін оларды қайта көру, міне қуаныш! Асыға күтемін!» деді Принс.

Айта кетелік, Камила Валиева өткен жылдың желтоқсан айында дисквалификация мерзімін өтеп, спортқа оралатынын жариялаған. Ал Александра Трусова отбасы құрып, сәбилі болуына байланысты 2022/23 маусымынан бері жарыстардан шет қалған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или