Ресейлік файтер: «Олар Волкановский жеңген соң, жоспарларын өзгертті»
Ресейлік жеңіліс дәмін татпаған файтер Мовсар Евлоев UFC басшылығын уәде орындамады деп айыптап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, UFC 314 турнирінде оған алаңға шығып, Александр Волкановскиймен көз арбасуға мүмкіндік беріледі деп алдын ала айтылған.
«Турнир алдында «дайын бол» деп айтылды. Бірақ кейін маған октагонға шығуға рұқсат бермеді. Мүмкін олар Лопес жеңеді деп күткен шығар. Ал Волкановский жеңген соң, жоспарларын өзгертті. Бірақ мен бұған аса мән бермеймін» деді Евлоев.
Айта кетелік, 21 наурыз күні Мовсар Евлоев Лондондағы UFC турнирінде британдық Лерон Мерфиге қарсы жекпе-жек өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или