Сарапшы «Ақтөбе» - «Елімай» матчының нәтижесін болжады
Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Евгений Аверченко ҚПЛ-дің үшінші турындағы «Ақтөбе» мен «Елімай» арасындағы ойынға болжам жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның пікірінше, жанкүйерлерді тартысты кездесу күтіп тұр. «Ақтөбе» сенімді ақтауға қайта тырысып бағады.
«Өте жақсы матч болады деп ойлаймын. «Ақтөбе» соңғы ойында «Қайраттан» жеңілгеннен кейін жанкүйерлер алдында беделін қайтаруға тырысады» деді ол.
Пікірге сүйенсек, «Елімай» әлі өз ойынын таппай жүр.
«Ал «Елімай» маусым басында екі рет тең ойнап, әлі өз ойынын таппай жүр. Қазір оларды былтырғыдай өз деңгейінде деп айту қиын, бірақ құрамы да жаман емес. «Ақтөбеге» оңай болмайды. Бәлкім матч тең аяқталады немесе алаң иелері аз есеппен жеңіп қалуы да мүмкін» деп түйіндеді маман.
Айта кетелік, кездесу ертең Түркістанда 17:00-де басталады.