Сарапшы: Головкин «Канелоны» Мэйвезерден де сенімді жеңген

Сарапшы: Головкин «Канелоны» Мэйвезерден де сенімді жеңген

Америкалық бокс шолушысы Майкл Монтеро Флойд Мэйвезердің Сауль «Канело» Альвареске қарсы жеңісіне қатысты пікірге жауап беріп, Геннадий Головкиннің өнеріне баға беріп өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, Головкиннің жекпе-жегі анағұрлым әсерлі болған.

«Канелоны Флойд әдейі таңдаған. Ол кезде Альварестің күші таусылған, өз деңгейінде емес еді. Ал төрт жылдан кейін Головкин оның ең мықты шағын, толық бабына енген нұсқасын жеңді. Одан кейін шамамен он жыл өткен соң Бивол да сол кездегі P4P рейтингінің көшбасшысы болған Канелоны айқын басымдықпен жеңді» деп жазды Монтеро.

Айта кетелік, 2017 жылы өткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек ресми түрде тең аяқталғанымен, көпшілік қазақстандық боксшының басым болғанын алғар тартып келеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или