«Қайрат» чемпионы 175 мың еуроға бағаланды
Қазақстандық жартылай қорғаушы Арсен Буранчиев ресми түрде павлодарлық «Ертіс» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы команда құрамына үшінші тур қарсаңында тіркелді.
24 жастағы ойыншы өткен маусымда «Қызылжар» сапында өнер көрсеткен. Ал бұған дейін «Қайраттың» жастар және негізгі құрамында ойнап, Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы және ел кубогының иегері атанған болатын.
Айта кетелік, Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 175 мың еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или