Сарапшылар Рыбакина - Путинцева матчының бас үміткерін атады

Сарапшылар Рыбакина - Путинцева матчының бас үміткерін атады

АҚШ-тың Майами қаласында өтетін WTA 1000 турнирінің екінші айналымында қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік сарапшылар бұл матчқа болжам жасап, бас үміткерді атады.

«Қазір Елена әлемдегі ең мықты теннисшілердің бірі. Оның денсаулығына қатысты мәселелер шешілген, содан бері нәтижесі айтарлықтай жақсарды. Биылғы маусымда көрсеткіші де жоғары. Ал Юлия тәжірибелі болғанымен, тұрақты емес һәм психологиялық тұрғыдан әлсіздеу. Осы дәлелдерді ескерсек, Путинцеваға мұндай қарсыласқа қарсы тұру қиын болады» деп жазып жатыр баспасөз құралдары. 

Айта кетелік, Рыбакина мен Путинцева арасындағы матч ертең Астана уақытымен 05:30-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или