Сергей Шавернев: «Сібір» жеңіске жетеді,«Барысқа» қарағанда бірігіп әрекет етеді
Қазақстанның бұрынғы мемлекеттік бапкері Сергей Шавернев алдағы ҚХЛ матчында «Барыстың» қарсыласы «Сибирь» командасын бас үміткер ретінде көретінін жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның пікірінше, новосібірлік клуб басқалардан командалық ойынымен ерекшеленеді.
«Сібір» - өте ұйымшыл, біртұтас команда. Құрамында аса танымал жұлдыздар жоқ, бірақ ойыншылары сапалы ойын көрсетіп келеді. Барлығы бірігіп, бір-бірін толықтырып әрекет етеді. Жеңіс деген осындай ауызбіршілік бар жерге ғана келеді. Осы матчта мен «Сібірдің» жеңеріне сенімдімін» деді маман.
Айта кетелік, «Сібір» мен «Барыс» арасындағы кездесу бүгін Новосібірде өтеді және Астана уақытымен 17:30-да басталады. Бұл ойын елордалық клуб үшін ҚХЛ маусымындағы соңғы матч болмақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или