Қазақстандық OCTAGON чемпионы өзбек файтеріне жауап берді
Жартылай орта салмақта OCTAGON чемпионы, қазақстандық Богдан Пшебельский (7-2) өзбекстандық «хайлайт-машинасы» Шохасан Мирзаматовтың (16-2) сөзіне жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Шохасан, менің басым үлкен деп тиіскенін жөн емес. Ұйықтап қалатыныма ҚАТТЫ сенімдісің бе? Өзің ұйықтап қалып, белбеу жайлы арманынан айырылып қалма. Бірінші раундта нокаутқа түсіремін деп артық кетіпсің. Бұрыштағыларға оттегі баллонын дайындауды айт. 2 сәуірде кездескенше, Қазақстан Алға!» - деп жауап берді жартылай орта салмақтағы чемпион.
Айта кетейік, қос файтер 2 сәуірде Ташкентте титулдық жекпе-жек өткізеді.
Екінші маңызды жекпе-жекте қазақстандық Еламан Жетпісбай (7-1-1) мен турнир қожайыны Жамолиддин Рахмонжонов (7-1-1) кездеседі.
OCTAGON 85 турнирінің ресми серіктесі — Gorilla Energy Drink
OCTAGON 85 турнирінің бас серіктесі — UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі — 1XBET букмекерлік компаниясы
Өзбек спортшысы қазақстандық файтерді ұйықтатуға уәде етті
OCTAGON 85 турнирінде өтетін екі чемпиондық жекпе-жектің тизері жарияланды