Конференция лигасы: ширек финалға кімдер шықты

Конференция лигасы: ширек финалға кімдер шықты

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы 1/4 финалына шыққан сегіз команда белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл кезеңде жеңімпаз атанған «Страсбург», «АЗ Алкмаар», «Райо Вальекано», «Шахтер», «АЕК Афины», «Фиорентина», «Майнц», «Кристалл Пэлас» командалары жарыстың келесі сатысына шықты.

«Страсбург» (Франция) - «Риека» (Хорватия) 1:1 (бірінші ойын 2:1)

«Спарта Прага» (Нидерланд) - «АЗ Алкмаар» (Нидерланд) 0:4 (1:2)

«Райо Вальекано» (Испания) - «Самсунспор» (Түркия) 0:1 (3:1)

«Шахтер» (Украина) - «Лех» (Польша) 1:2 (3:1)

«АЕК Афины» (Грекия) - «Целе» (Словения) 0:2 (4:0)

«Фиорентина» (Италия) - «Ракув» (Польша) 2:1 (2:1)

«Майнц» (Германия) - «Сигма» (Чехия) 2:0 (0:0)

«АЕК Ларнака» (Кипр) - «Кристалл Пэлас» (Англия) 0:0, қосымша кезеңде 2:1 (0:0)

Финал 27 мамырда Германияның Лейпциг қаласындағы «Ред Булл Арена» стадионында өткізіледі.

Конференция лигасы 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Рома» (Италия), «Вест Хэм Юнайтед» (Англия), «Олимпиакос» (Грекия), «Челси» (Англия) командалары жеңімпаз атанды.


Еуропа лигасы: Ширек финалдағы жұптар тізімі

«Барселона» бапкерімен келісімшарт мерзімін ұзартты

ПСЖ футболшысы: «Бүгінгі кеш бізге арналған екен!»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или