Юлия Путинцева Майамидегі жарысты сәтті бастады

Юлия Путинцева Майамидегі жарысты сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 75-ші орында) 2026 жылғы Майами ашық чемпионатының (АҚШ) бірінші кезеңіндегі кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Юлияның қарсыласы WTA рейтингінде 40-шы орында тұрған және фаворит деп саналған индонезиялық Джанис Тиен болды.

Матч екі сағат жеті минутқа созылып, үш сетте Путинцеваның пайдасына 3:6, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.

Екінші кезеңде Путинцева Қазақстанның ең үздік теннисшісі және әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездеседі.

2026 жылғы Майами ашық чемпионатының жүлде қоры 9 415 725 долларды құрайды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или