Қазақстандық боксшы әлемдік рейтингте Олимпиада чемпионын басып озды
Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай World Boxing ұйымының рейтингі бойынша үздік спортшылар тізімінде үшінші орынға көтерілді. Ол +90 кг салмақ дәрежесінде 1487,5 ұпай жинап, жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оралбай әлем чемпионы мәртебесіне ие болуымен қатар, рейтингте 2024 жылғы Олимпиада чемпионы кубалық Эрисланди Альварестен жоғары орналасқан. Куба боксшысы қазіргі таңда төртінші орында тұр (1450 ұпай).
Рейтингтің көшін өзбекстандық боксшылар бастап тұр. Абдумалик Халоков пен Асадхужа Муйдинхужаев бірдей ұпай жинап, бірінші орынды бөліскен.
- Абдумалик Халоков (Өзбекстан, 60 кг) — 2125 ұпай
- Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан, 65 кг) — 2125 ұпай
- Айбек Оралбай (Қазақстан, +90 кг) — 1487,5 ұпай
- Эрисланди Альварес (Куба, 65 кг) — 1450 ұпай
- Санжар Ташкенбай (Қазақстан, 50 кг) — 1237,5 ұпай
- Махмуд Сабырхан (Қазақстан, 55 кг) — 1237,5 ұпай
- Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан, 75 кг) — 1237,5 ұпай
- Жавохир Умматалиев (Өзбекстан, 80 кг) — 1237,5 ұпай
- Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан, 90 кг) — 1237,5 ұпай.
Айта кетелік, Қазақстан құрамасынан тағы бірнеше боксшы үздіктер қатарына қосылған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или