Қазақстан дзюдошыларының Grand Slam-2026 турниріндегі қарсыластары белгілі болды
20–22 наурыз күндері Грузияның Тбилиси қаласында дзюдодан Grand Slam рейтингілік турнирі өтеді. 19 наурыз күні жеребе тартылып, Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
60 келі салмақта Талғат Орынбасар беларуссиялық спортшысы Артём Колосовпен кездессе, осы салмақтағы тағы бір дзюдошы Мағжан Шамшадин ресейлік Дмитрий Котельниковпен белдеседі. 66 келі салмақтағы Ақылжан Жұбатқанов пен Нұрқанат Серікбаев белдесуді екінші айналымнан бастайды.
73 кг, 81 кг және одан жоғары салмақ дәрежелерінде де қазақстандық спортшылардың қарсыластары белгілі болды. Атап айтқанда, Әнуар Жұмагелдин, Аңсарбек Ғайнуллин және Мәди Амангелді сияқты балуандар турнирді әртүрлі кезеңдерден бастайды.
Айта кетелік, Grand Slam турнирі дзюдодағы ең беделді жарыстардың бірі саналады және мұнда жиналатын ұпайлар Олимпиада жолдамасына тікелей әсер етеді.