Париж турнирі: «Ролан Гаррос-2026» постері таныстырылды
Франция теннис федерациясы (FFT) «Ролан Гаррос-2026» ашық чемпионатының ресми постерін таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир 2026 жылдың 18 мамыры мен 7 маусымы аралығында Парижде өтеді.
1980 жылдан бері федерация жыл сайын турнирдің афишасын жасау үшін суретшілерді шақырып келеді. Биылғы постерді танымал қала суретшісі әрі фотограф JR әзірледі. Оның ерекше стилі турнирдің атмосферасын айқын көрсетеді.
Постерде қызыл грунттың белгісі мен JR-дің шығармашылық стилі үйлесім тапқан.
Айта кетелік, «Ролан Гаррос» әр жыл сайын өз дәстүрі мен мәдениетін ерекше постер арқылы таныстырып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или