Куртуа ойынды аяқтай алмады: клуб жарақатын растады
Мадридтік «Реал» қақпашысы Тибо Куртуаның жарақатына қатысты медициналық қорытынды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клуб мәліметіне сүйенсек, бельгиялық футболшының оң жақ санындағы тік бұлшық еті зақымданған.
«Тибо Куртуаның медициналық тексерулерінен кейін оң жақ санындағы тік бұлшық етінен жарақат анықталды. Оның қалпына келу процесін медициналық штаб бақылайды» деп мәлім қылды клуб.
Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап, оңалту үрдісін қадағалайтынын хабарлады. Куртуа жарақатты Чемпиондар лигасындағы «Манчестер Ситиге» қарсы ойында алған, матчтаүы үзілісте алаңнан кеткен еді.
Кей деректерге сүйенсек, қақпашы ойынды бастамас бұрын-ақ ауырсынуды сезінген, бірақ соған қарамастан алаңға шыққан. Бұл жағдай ауырлық деңгейін күшейткен болуы мүмкін деген пікір бар.
Айта кетелік, оның орнына Андрей Лунин ойынға қосылған болатын.