Африкалық маман: FIFA Series-тегі Қазақстанның қарсыластары туралы пікір білдірді
Африкалық маман, Мали құрамасының бас бапкері Том Сайнтфит Қазақстанда өтіп жатқан FIFA Series турниріне қатысушы командаларға баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол турнир форматын толық түсінбейтінін айтқанымен, кейбір қарсыластардың деңгейі жоғары екенін атап өтті.
«Шынымды айтсам, бұл серияның не үшін ұйымдастырылғанын және оның мақсаты не екенін толық түсіне алмадым» деді Сайнтфит.
Сайнтфиттің пікірінше, Комор аралдары құрамасы соңғы жылдары айтарлықтай күшейген. Бұл командада Еуропа мен Сауд Арабиясында ойнайтын тәжірибелі футболшылар бар және олар Африка Ұлттар кубогына да тұрақты қатысып келеді. Ал Намибия құрамасының келімсектері аз болғанымен, ол да белгілі бір деңгейде бәсекеге қабілетті.
Айта кетелік, Қазақстан құрамасы 25 наурызда Астанада Комор аралдарына қарсы матчпен турнирді бастайды. Одан кейін 28 наурызда Намибиямен кездеседі.