Виктор Ялымов: соңғы нәтижелер бойынша өзбек боксшылары басым

Виктор Ялымов: соңғы нәтижелер бойынша өзбек боксшылары басым

Европалық сарапшылар Қазақстан мен Өзбекстан боксын салыстырып, екі елдің деңгейі әлемдік аренада өте жоғары екенін атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белгілі молдавиялық маман Виктор Ялымовтың пікірінше, соңғы нәтижелерге бойынша өзбек боксшылары басымырақ.

«Объективті түрде қарасақ, өткен Олимпиададағы медальдар санына назар аударайық. Нәтижелерге қарап, қай құраманың қазіргі таңда мықты екенін анықтауға болады» деді ол. 

Оның айтуынша, алдағы Олимпиада ойындары кімнің басшы екеніне анық нүкте қояды.

«Келесі Олимпиада 2028 жылы өтеді, ол төртжылдықтың басты жарысына кімнің қалай дайындалғанын, қателіктермен қалай жұмыс істегенін көрсетеді. Соның нәтижесі болашақта әлемдік бокста қай команда көш бастап жүретінін көрсететін болады»  деді Ялымов.

Айта кетелік, 2025 жылғы әлем чемпионатында бұл жағдай өзгерген болатын. Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орын алып, 7 алтын, 1 күміс және 2 қола алқаны еншілеген еді. Өзбекстан да жоғары нәтиже көрсетіп, 6 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен екінші орынға тұрақтаған. 







Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или