Том Сайнтфит: Комор аралдары құрамасы өте мықты
Мали құрамасының бас бапкері Том Сайнтфит Қазақстанның FIFA Series турниріндегі ойынына баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маман турнир форматын толық түсінбейтінін айтқанымен, кейбір командалардың деңгейі жоғары екенін атап өтті. Оның пікірінше, әсіресе Комор аралдары құрамасы соңғы жылдары айтарлықтай күшейген.
«Шынымды айтсам, бұл турнир не үшін ұйымдастырылғанын толық түсінбеймін. Бірақ Комор аралдарының құрамасы өте мықты — ойыншылары Еуропада немесе Сауд Арабиясында ойнайды, Африка кубогына да бірнеше рет қатысқан. Ал Намибияда шетелде ойнайтын кәсіби футболшылар аздау. Дегенмен мұндай турнирлер әртүрлі құрамалар үшін қызықты», — деді Сайнтфит.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 25 наурыз күні Астанада өтетін турнирді Комор аралдарына қарсы матчпен бастайды. Ал 28 наурызда Намибия құрамасымен кездеседі.