Сильва Евлоев пен Мерфиден бұрын титул жекпе-жегіне шыққысы келеді

Сильва Евлоев пен Мерфиден бұрын титул жекпе-жегіне шыққысы келеді

Бразилиялық файтер Жан Сильва UFC-дің жартылай жеңіл салмағында титул үшін таласта Мовсар Евлоев пен Лерон Мерфиден бұрын мүмкіндік алғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сильваның сөзінше, ол Дана Уайт пен матчмейкер Хантердің шақыруымен Лондонға барып, Евлоев пен Мерфи арасындағы жекпе-жекті тікелей көріп, кейін келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр.

«Біз олардың жекпе-жегін көруге барамыз және келісімшартқа қол қоямыз. Бұл титулдық айқасқа апарар жол болады. Олардың жекпе-жегі қызықсыз өтсе, мен октагонға шығып, екеуін де жеңемін», — деді Сильва.

21 наурыз күні Лондонда рейтингтің бірінші нөмірі Евлоев пен үшінші орында тұрған Мерфи кездеседі. Екі спортшы да бұл жекпе-жекті титулға үміткерді анықтайтын соңғы айқас деп санайды.

Өз кезегінде Евлоев Сильваның мәлімдемесіне жауап беріп, оның әлі титулдық жекпе-жекке дайын емес екенін айтты. Ол Сильваға тағы бір жеңіс керек екенін немесе өз кезегін күтуі тиіс екенін жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или