Рахмоновтың отбасындағы дау: шындық па, әлде тактика ма?
Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтің жеке өміріне қатысты жағдай қоғам назарында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Гулайым Рахмонова әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуінің балаларынан бас тартқаны туралы жазба жариялады.
Бұл мәлімдемеге қатысты түрлі пікірлер айтылып жатыр. Кейбір дереккөздер мұндай қадам сот процесіне ықпал етуге бағытталған, алдын ала ойластырылған әрекет болуы мүмкін екенін алға тартады. Дегенмен, бұл жөнінде нақты дәлелдер келтірілген жоқ, ал қос тараптың өзі әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Айта кетелік, 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы - Екатеринбург тасжолында болған жол апаты салдарынан Рахмонова басқарған көлік аударылып, екі адам қаза тапқан еді. Осы оқиғаға қатысты сот үрдісі аяқталуға жақын.
