Қазақстандық теннисші турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Тунистегі ITF турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемдік рейтингте 771-орында тұрған ол алғашқы айналымда италиялық Леонардо Россиге (ATP №688) қарсы ойнап, үш сетте жеңіске жетті — 6:4, 2:6, 6:3.

Осы жеңістің арқасында Омарханов турнирдің екінші кезеңіне өтті. Келесі кезеңде британиялық Джеймс Коннелмен ойнайтын болады.(ATP №1378).

Айта кетелік, Монастирдегі бұл турнирдің жүлде қоры 15 мың долларды құрайды.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или