Кумыков клубтан кетуі мүмкін деген ақпаратқа жауап берді

Кумыков клубтан кетуі мүмкін деген ақпаратқа жауап берді

Биыл «Тұран» клубының бас бапкері болып тағайындалған Виктор Кумыков командадан кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Маман қазіргі уақытта бұл туралы ешқандай нақты мәліметі жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, ол әлі Нальчикте жүр және жағдайды толық білмейді.

«Мен әлі үйдемін, ештеңе білмеймін. 21 наурызда Түркістанға барамын, содан кейін көрерміз. Кеше бәрі қалыпты сияқты еді, бұл ақпарат қайдан шыққанын білмеймін», — деді Кумыков.

Айта кетейік, өткен маусымда Виктор Кумыков қызылордалық «Қайсарды» жаттықтырған.

Еске салсақ, «Тұран» ҚПЛ-2025 маусымының қорытындысы бойынша Бірінші лигаға түсіп қалған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или