Маманның айтуынша, келісімшартта плей-оффқа шыққан жағдайда автоматты түрде ұзарту туралы тармақ болған, алайда команда бұл міндетті орындай алмады. Осыған байланысты ол келісімді ұзартпау керек деген пікірде.
«Егер плей-оффқа шықса, келісімшарт автоматты түрде ұзартылатын еді. Бірақ ол орындалмады. Сондықтан онымен келісімді ұзартпайды деп үміттенемін», — деді Бабаев.
Еске салсақ, Михаил Кравец «Барыстың» бас бапкері қызметіне өткен жылдың тамыз айында келген. Оның келісімі 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалған және бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
ҚПЛ емес, ҚХЛ тұрақты чемпионатының соңғы матчында «Барыс» 20 наурыз күні сырт алаңда «Сибирьмен» кездеседі.