Қазақстан құрамасы Aphrodite Cup жарысында өнер көрсетеді

Қазақстан құрамасы Aphrodite Cup жарысында өнер көрсетеді

Қазақстанның көркем гимнастика құрамасы 20–22 наурыз аралығында Грекияның Афина қаласында өтетін Aphrodite Cup халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Федерацияның мәліметінше, ел намысын спортшылар жекелей және топтық жаттығуларда қорғайды.

Жекелей бағдарламада Айым Мейржанова, Дария Кушербаева, Ақмарал Ерекешева, Айғаным Рысбек, Линара Жайлауова, Анна Рубцова, Анель Динишева, Амина Нұрланова, Вероника Ткаченко, Диана Сәрсембаева және Рабия Аманқос өнер көрсетеді.

Ал топтық жаттығуларда Жасмин Джунусбаева, Аида Хакимжанова, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Кенес, Айзере Нұрмағамбетова, Тамирис Вахлова, Әлия Бақытқызы, Ксения Шимолина, Елизавета Егорова және Дильназ Айтқалиева қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или