Америкалық боксшы бұл кездесуді қыркүйек айында Сауль «Канело» Альварес қатысатын үлкен бокс кешінде өткізуді қалайтынын жеткізді. Оның сөзінше, мұндай кардта өнер көрсету — маңызды мүмкіндік.
«Канеломен бір кеште жұдырықтасу керемет болар еді. Үлкен жекпе-жектер көп. Мен Верджилмен кездесуге дайынмын. Ақырында мен де The Ring белдігін жеңіп аламын», — деді Фундора.
Қазіргі таңда The Ring рейтингінде Ортис бірінші орында тұрса, Фундора екінші сатыда орналасқан. Бұл олардың титул үшін кездесу ықтималдығын арттырады.
Айта кетейік, Фундора 28 наурыз күні Кит Турманға қарсы титулын қорғайды. Ал Ортистің болашағы Golden Boy промоутерлік компаниясымен байланысты құқықтық дауға байланысты белгісіз күйде қалып отыр.