Ресейлік файтердің айтуынша, ол жекпе-жегін шілде айында Абу-Дабиде өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында қысқаша жазба қалдырды.
«Жігіттер, шілдеде Абу-Дабиде кездесеміз», — деп жазды Анкалаев.
33 жастағы спортшы кәсіби мансабын 2014 жылы бастаған. 2018 жылдан бері UFC-де өнер көрсетіп келеді. 2025 жылы ол жартылай ауыр салмақта чемпион атанған. Оның есебінде 12 жеңіс, екі жеңіліс және бір тең нәтиже бар.