Иран футбол федерациясы: команда мундиальға қатысудан бас тартпайды

Иран футбол федерациясы: команда мундиальға қатысудан бас тартпайды

Иран футбол федерациясының президенті Мехди Тадж ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатына бойкот жарияламайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, команда турнирге дайындықты жалғастырып жатыр және қазіргі уақытта Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Сондай-ақ бұл елде екі жолдастық матч жоспарланған.

Тадж құраманың әлем чемпионатына қатысудан бас тартпайтынын, бірақ кейбір іс-шараларды АҚШ аумағында өткізбеуі мүмкін екенін атап өтті.

«Қазір біз Түркияда дайындалып жатырмыз, екі жолдастық матч ойнаймыз. Біз Американы бойкоттаймыз, бірақ әлем чемпионатын бойкоттамаймыз», — деді ол.

Айта кетейік, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или