Ткаченко алтын алды, қазақстандықтар Закопанеде жүлде қорын толықтырды

Ткаченко алтын алды, қазақстандықтар Закопанеде жүлде қорын толықтырды

Қазақстан құрамасы трамплиннен шаңғымен секіруден Польшадағы Закопане қаласында өткен Orlen Cup халықаралық турнирінде жүлде қорын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ересектер арасында Сергей Ткаченко алтын медаль жеңіп алды. Ал 21 жасқа дейінгі санатта Даниил Калинкин қола жүлдегер атанды. 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында Артем Мешков та қола медаль иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін жасөспірімдер санатында Керейхан Қабдулла чемпион атанса, Александр Филоненко үшінші орынға ие болған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или