Нурсултан Рузибоевтың келесі қарсыласы белгілі болды
Ресейлік UFC файтері Андрей Пуляев өзбекстандық Нурсултан Рузибоевпен жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Орта салмақтағы жекпе-жек 27 маусымда Әзербайжанның Баку қаласындағы UFC турнирінде өтеді.
«Иә, маған 27 маусымда Бакуде Рузибоевке қарсы жекпе-жек берді, сондықтан біз дайындалып жатырмыз. Уақытым көп, қазірдің өзінде жақсы формадамын, тек саусағымды аздап емдеп, қарсыласыма жақсы дайындалуым керек», - деп жазды Пуляев Telegram арнасында.
Андрей Пуляев MMA-да 14 жекпе-жек өткізіп, оның 10-ында жеңіске жеткен. Нурсултан Рузибоев 47 жекпе-жектің 36-сында жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или