Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды

Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Закопане қаласында (Польша) өтіп жатқан Orlen Cup халықаралық турнирінде үш жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Алтын медальді Сергей Ткаченко иеленді. Қазақстандық спортшы ересектер арасында өткен жарыста топ жарды.

Даниил Калинкин U21 санатында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ Артем Мешков 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, бұған дейін жасөспірімдер санатында Керейхан Қабдулла бірінші орынға, ал Александр Филоненко үшінші орынға ие болған еді.

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты: Қазақстан атынан кімдер өнер көрсетеді

Қазақстандықтар Ербол Хамитовке ерекше құрмет көрсетті

Ербол Хамитов Милан-Кортина Паралимпиадасының жеңімпазы!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или