Айдос Ербосынұлы рингке оралуға дайындалып жатыр ма?

Айдос Ербосынұлы рингке оралуға дайындалып жатыр ма?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (16-1) 2022 жылдың қарашасынан бері шаршы алаңға шыққан жоқ.

Соңғы жекпе-жегінде ол екінші орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін кубалық Дэвид Моррельмен (12-1) кездескен еді. 12 раундқа жоспарланған айқас соңғы рауындта қарсыластың жеңісімен аяқталды.


Бірақ ол жекпе-жектегі ең алаңдатарлық жайт нәтиже емес, салдары болды. Жекпе-жектен кейін Айдос бірден ауруханаға жеткізілді: бірқатар деректерге сүйенсек, оған миына қан құйылу диагнозы қойылып, спортшы жасанды комаға түсіркен. Оған шұғыл ота жасалған.

Ең жақсысы, спортшымыз толықтай сауығып шықты. Бірақ Ербосынұлы мұнымен тоқтап қалмақ емес: қазір ол жаттығу өткізіп, бабына келіп жатыр.

Prosports.kz тілшісі боксшымен хабарласып, оның қазіргі жағдайын біліп, алдағы жоспарын сұрады. 


— Айдос, денсаулығыңыз қалай?

— Аллаға шүкір, аман-есенмін, рақмет.

— 2022 жылы Дэвид Моррельмен жекпе-жектен кейін миға қан құйылуына байланысты жасанды комаға түстіңіз. Бірақ кей дереккөзде бұл диагнозды жоққа шығарғаныңыз жазылған. Нақты не болды?

— Оған дейін маған операция жасап үлгерді.


— Сіз ауыр комадан шықтыңыз, жолым болды деп есептейіз бе?

— Алла маған тағы бір мүмкіндік берді. Ол менің тарих жасағанымды қалайды, мен оны орындаймын.

— Әлеуметтік желіде жаттығу сәтіңізден видео жариялап жүрсіз. Бабыңызды жоғалтпау үшін дайындалып жүрсіз бе?

— Жанкүйерлеріме тосынсый дайындап жатырмын.


— Сіз 2024 жылы кәсіпқой боксқа оралуды жоспарлаған едіңіз. Рингке ораласыз ба? Дәрігерлер рингке шығуға рұқсат берді ме?

— Иә, жарақатым оңай болған жоқ. Бірақ 2023 жылдың аяғында АҚШ-та және Түркияда болдым. Ол жақтағы дәрігерлер: «Қаласаң, қазір рингке шыға аласың», — деді. Содан бері екі жыл өтті, қазір психологиялық тұрғыдан толық дайынмын.


— Жақындарыңыз үлкен спортқа қайта оралғаныңызды қолдай ма?

— Олар мені қолдап отыр.


— Жасырын болмаса, бокстан тыс немен айналысасыз? Қалай табыс табасыз?

— Бұрын киім дүкенім болған, саудамен айналыстым. Жақында оны жаптым. Қазір жаттығуға оралдым, жақында үлкен жаңалығым болады.

Қазақ боксшысы нокаутпен алтынға қол жеткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или