Биатлоннан әлем кубогы кезеңі: Қазақстан атынан үш спортшы өнер көрсетеді

Биатлоннан әлем кубогы кезеңі: Қазақстан атынан үш спортшы өнер көрсетеді

Бүгін, 19 наурызда Осло қаласында (Норвегия) биатлоннан Әлем кубогының қорытынды кезеңі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Халықаралық турнир аясында өтетін алғашқы жарыс - әйелдер арасындағы 7,5 шақырымдық спринт болмақ.

Қазақстан атынан жарыс жолына үш спортшы шығады. Бұл сайыста ел намысын Лаура Киныбаева, Милана Генева және Айша Ракишева қорғайды.

Жарыс Астана уақытымен 20:15-те басталады.

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты: Қазақстан атынан кімдер өнер көрсетеді

Қазақстандықтар Ербол Хамитовке ерекше құрмет көрсетті

Ербол Хамитов Милан-Кортина Паралимпиадасының жеңімпазы!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или