ЧЛ: «Барселонаның» сенімді жеңісі және екі рекорд тіркелді
19 наурыз күні түнде испаниялық «Барселона» Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта ойындары аясында «Камп Ноу» стадионында ағылшындық «Ньюкасл Юнайтедті» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Англияда өткен алғашқы ойында командалар 1-1 есебімен тең тарқасқан болатын. Ал қарымта матчта «блауграна» ағылшындық «Ньюкаслды» 7:2 есебімен жеңіп, ширек финалға өтті. Екі ойынның нәтижесі бойынша есеп 8:3.
Чемпиондар лигасы, 1/8 финал, жауапты матч
«Барселона» — «Ньюкасл» — 7:2
Голдар: Рафинья, 6, 72, Берналь, 18, Ямаль, 45+7 (пенальти), Фермин, 51, Левандовски, 56, 61 — Эланга, 15, 28
Матчта бір гол соғып көзге түскен Ламин Ямаль Чемпиондар лигасында 10 гол соққан ең жас ойыншы атанды (18 жас, 248 күн). Сонымен қатар, плей-офф кезеңінде қатарынан екі матч гол соққан ең жас ойыншы деп танылды. Бұған дейін рекорд франциялық Килиан Мбаппеге тиесілі болған еді (18 жас, 350 күн).
Ал дубль авторы атанған Роберт Левандовский тарихқа енді. Шабуылшы Чемпиондар лигасының тарихында ең көп командаға гол соққан ойыншы атанды. «Ньюкасл» оның гол соққан 41-командасы болып тіркелді.
«Барселона» бапкерімен келісімшарт мерзімін ұзартты