Елдос Сайдалин: Алда бірнеше халықаралық жарыс күтіп тұр

Елдос Сайдалин: Алда бірнеше халықаралық жарыс күтіп тұр

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын бастадыдеп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалин федерацияның баспасөз қызметіне берген сұхбатында айтты.

«Алматы облысында кезекті оқу-жаттығу жиынына кірістік. Бұл – Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына қорытынды дайындығымыз.

Бұл жолы бізге Ресей, Түркия, Германия, Швеция, Швейцария боксшылары қосылды. Бірлесе нәтижелі жаттығу жиынын өткіземіз деген жоспар бар.

Алда әйелдер құрамасын бірнеше халықаралық жарыс күтіп тұр: Азия чемпионаты, Финляндиядағы халықаралық турнир және Әлем кубогының алғашқы кезеңі», - деді бас бапкер.

Қазақстан құрамасы бокстан Futures Cup турнирін төрт алтын медальмен аяқтады

Қазақстан әйелдер құрамасы халықаралық оқу-жаттығу жиынына қатысуда

Бақыт Сәрсекбаев Futures Cup турнирін қорытындылады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или