Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты басталды

Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты басталды

Түркістан қаласында көкпардан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Халықаралық додаға Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстаннан үздік 9 команда қатысуда.

Әлем чемпионаты әділ өтуі үшін додаға қатысып жатқан әр елден төреші келген. Көкпардан әлем чемпионатының бас төрешісі Жанысбек Саев дүбірлі додада 9 елден 96 спортшы бақ сынап жатқанын, аттарын ала келген Өзбекстаннан басқа командалардың барлығына Қазақстан ат жасақтап бергенін айтты. Шақыру алған Қырғызстан, Әзербайжан, Пәкістан командалары жарысқа қатысудан бас тартқан.

Дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры – 30 000 000 теңге.

Айта кетсек, көкпардан әлем чемпионаты соңғы рет 2017 жылы өткен еді.

Қырғызстан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы мәртебе белгілемек

Астанада дәстүрлі садақ атудан Қазақстан чемпионаты өтеді

Өзбекстан ат спортынан да озып келеді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или