Қазақстан Әліпті қайта шақырды: «Зенит» шешім қабылдады
Санкт-Петербургтік «Зенит» қазақстандық қорғаушы Нұрәлі Әліпті Ресей Кубогы матчы қарсаңында бастапқы құрамға енгізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
18 наурызда «Газпром Аренада» махачкалиндік «Динамо» командасына қарсы өтетін кездесуде «Зенит» мынадай негізгі құраммен шығады: Латышонок, Әліп, Дивеев, Вега, Караваев, Барриос, Горшков, Кондаков, Мостовой, Энрике, Дуран.
Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Талғат Байсуфинов Әліпті наурыздағы FIFA Series 2026 турниріне шақырды.
Айта кетелік, аталмыш турнирде Қазақстан 25 наурыз күні Намибия, ал 31 наурызда Комор аралдары құрамаларына қарсы ойын өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или