Баскетболшы кроссовкамен қарсылас добына тоқтау салды

Баскетболшы кроссовкамен қарсылас добына тоқтау салды

«Оклахома» ойыншысы кроссовкамен қарсыластар лақтырған доптың бетін кері қайтармақ болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алекс Карузо «Оклахома» командасының шабуылшы, қорғаушысы НБА-ның «Орландо» командасына қарсы матчында (113:108) ерекше әрекет жасады.

Ойын барысында Карузо қарсылас Тристан да Силваның ұрған добын кері қайтару үшін аяғынан шешіп алған кроссовкасын пайдаланды. Дегенмен, доп автоматты түрде есепке алынды, ал Карузоға техникалық фол берілді. Яки айыбы ретінде ұпай алынды. 

Каруза мұндай жәйт мәнсабында бұрын-соңды болмағанын жеткізді. 

«Мұндай жағдаймен мүлдем кездеспеппін. Кроссовканы қолға алғанымда оны кері қайтаруға пайдалануды ойладым. Төрешінің шешімін білмедім. Егер білсем, бұл әрекетті жасамас едім, өйткені менің қателігімнің кесірінен құрама үш ұпайдан айырылды» деді ол ашына. 

Айта кетелік, аталмыш спорт ережесі бойынша мұндай қателіктерге жол беруге қатаң тиым салынған. 

Баскетболшы кроссовкамен қарсылас добына тоқтау салды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или