Хоккей халықаралық федерациясы Кувейт пен БАӘ‑дегі чемпионаттарды кейінге қалдырды
Хоккейден әлем чемпионаттары Кувейт пен БАӘ елдерінде жоспарланған мерзімде өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталмыш шешімді IIHF(Халықаралық хоккей федерациясы» кеңесі қабылдады. IV дивизион чемпионаты Кувейтте 12–18 сәуірге, ал II дивизион, A тобы чемпионаты БАӘ‑де 20–26 сәуірге жоспарланған еді.
Айта кетелік, IIHF ресми хабарламасында қауіпсіздік пен қатысушылардың қорғауда болуын бас мақсұт ретінде белгілеп, жарыс мәртебесі келесі кеңесте қайта қаралатынын жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или