ПСЖ футболшысы: «Челсиді» жеңгенімізге өте қуаныштымын!»
УЕФА Чемпиондар Лигасы аясында «Пари Сен-Жермен» «Челсиді» ірі есеппен жеңіп, келесі кезеңге сенімді өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Пари Сен-Жермен» жауапты матчта «Челси» клубын 3:0 есебімен ұтты. Алғашқы ойында да париждіктер 5:2 есебімен басым түскен. Бұл кездесуде алғашқы голды Хвича Кварацхелия соқты.
Матчтан кейін Кварацхелия жеңістің оңай болмағанын айтып, қарсыластың мықты екенін атап өтті. Оның сөзіне сүйенсек, команданың бірінші болып гол соққаны ойын тағдырына әсер еткен.
«Керемет сезімдемін! «Челсиді» жеңгенімізге өте қуаныштымын! Әлбетте бұл оңай болған жоқ, өйткені олар өте мықты команда. Ойын тым күрделі болды. Әйтседе бүгінгі кеш бізге арналған екен!» деді Хвича
Айта кетелік, құрама әр матчта өз деңгейін дәлелдеуге тырысатынын жеткізді.