Қазақстан мен Өзбекстан айқасы: Ертілек «Испанчикпен» кездеседі
2 сәуірде OCTAGON 85 турнирінде қазақстандық Біржан Ертілек өзбекстандық «Испанчик» лақап атымен танымал Бобиржон Исраиловқа қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир Ташкент қаласында өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Богдан Пшебельский мен өзбекстандық Шохасан Мирзаматов жартылай орта салмақта чемпиондық белбеу үшін айқасады.
Айта кетелік, жеңіл салмақтың чемпиондық титулы үшін Еламан Жетпісбай мен Жамолиддин Рахмонжонов кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или