«Барыстың» бас бапкерңн жұмыстан шығарған менеджер қызметін босатты
«Шанхай Дрэгонс» клубының бас менеджері Игорь Варицкий қызметінен кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөздің мәліметінше, клуб басшылығы жаңа бас менеджерді Солтүстік Америкадан іздестіріп жатыр. Сонымен қатар бас бапкер Митч Лав келесі маусымға арналған жаттықтырушылар штабын жасақтауға қатысады.
Жаңа бас менеджердің көмекшісі болып Илья Каблуков тағайындалады.
Айта кетейік, биылғы маусымда «Шанхай Дрэгонс» Гагарин кубогының плей-офф кезеңіне шыға алмады. Команда 66 матчта 54 ұпай жинап, Батыс конференциясында тоғызыншы орында қалды.
Маусым барысында клубта кадрлық өзгерістер болған. Бұған дейін «Барыстың» экс-бас бапкері Дэвид Немировски қызметінен босатылған еді. Кейін ол командадағы жұмысы туралы пікір білдіріп, арнайы ойын компоненті бойынша жақсы нәтиже көрсеткеніне қарамастан, шешім қабылданғанын айтқан.