Берік Қаниев «Астана» клубына қатысты қауесетке жауап берді
Қазақстандық кәсіпкер Берік Қаниев БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған «Астана» клубының ортақ иелерінің қатарына қосылады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кәсіпкердің айтуынша, қазіргі уақытта мұндай жоспар жоқ. Ол өзіне көрсетілген сенім мен қызығушылық үшін алғыс білдіріп, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын нақтылады.
«Қазіргі таңда менің мұндай жоспарым жоқ. Бар күш-жігерім мен ресурстарымды балалар футболын дамытуға және «Жас Қыран» академиясына бағыттап отырмын. Бұл — менің басты басымдығым», — деді Қаниев.
Сондай-ақ ол ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырып, барлық мәлімдемелер тек ресми дереккөздер арқылы жарияланатынын атап өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или